Студенттермен кездесу
2017 жылдың 20 қаңтарында мектебімізде 2014,2015,2016 жылдары мектеп бітіріп кеткен түлектермен кездесу өтті. Кесдесу бес кезеңнен тұрды. 1 "Қиын да, көңілді сәттер"деп аталып, студенттік өмірдің қыр-сыры туралы сөз қозғалды, 2-"Мен - болашақ маманмын", студенттер өз мамандықтары туралы сұрақтарға жауап берді, 3- "Жаңа сөздер" деп аталып студент өміріндегі тирминдер бойынша ойындар ойнатылды, "Мектептен естеліктер бөлімінде студенттер өздерінің мектептегі шақтарынан алынған фото, видеоларды көріп тамашалады, "соңғы кезең "Мен саған тілеймін" деп аталып студенттер мен түлектер бір-біріне тілектер айтты. Кештің соңы жақсы ән, бимен аяқталды. Түлектер мектеп әкімшілігі мен ұйымдастырушы Ұланбасы және министрлерге алғыстарын білдірді.
Просмотров: 774
Комментарии