«Мектепке жол» акциясы
2018 жылдың 1 тамызынан бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Жаңа оқу жылы жақындағанда жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi.
Аталған акция биыл он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Акция 2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілді.
Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.
Осы бағытта біздің мектебімізде де іс – шаралар жүгізілді. Мектеп әкімшілігі арнайы 31 шілдеде «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру жөніндегі бұйрығы мен іс – шаралар жоспарын жасады. Ең бастысы бұл акцияға ауданымыздың мекемелері мен жеке кәсіпкерлерін ат салысуына арналған өтініштер, аудан тұрғындарын, мұғалімдер және ата-аналардыбелсене қатысуына шақырылған хабарламалар жасалынды. Мектебіміздің 23 пайыз оқушылары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған, көпбалалаы отбасылардан шыққан оқушылар. Акция барысында ауданымыздың Ішкі істер бөлімі аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушыны толығымен мектепке қажетті құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті, білім бөлімі 1 сыныпқа баратын оқушыларға сый жасады, «Тәуба» мешіті 10 оқушыға 20 мың теңге көлемінде көмегін көрсетті, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы аз қамтылған отбасының 3 оқушысына, мектеп әкімшілігі және мұғалімдері 12 оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтарын сатып алып, көмектерін көрсетті. Жалпы мектебіміздің 28 оқушысы 88 мың теңгеден астам қаражат көлемінде материалдық көмек алды.
Мектебіміздің бірінші қабатында «Мейірімді қол» акциясы аясында арнайы жәшік қойылды. Кез – келген адам жәшікке мектепке қажетті құрал – жабдықтары мен киім әкелуіне болатын. Осы акция арқасында мектеп формасын ала алмаған оқушылар мектеп формасына ие болды.
«Жаппай оқыту» қорының есебінен қазіргі таңда мектебіміздің 81 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектебіміздің 323 оқушы қазіргі таңда толғымен 100 % оқу жылына даяр.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуғамақсатында қоғамдық жерлер, базарлар, кәсіпорындарда «Бос уақыт», «Түнгі ауылдағы балалар» рейдтері жыл бойы өткізіліп отырады.