"Мұз үстінде абайла!"
2019 жылы 13 қарашада Қауіпсіздік шараларын насихаттау мақсатында Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 5-8 сынып оқушыларына
"Мұз үстінде абайла!" тақырып бойынша интерактивтік сабақ өткізді.Сабақтың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, мұз тұру кезеңінде су айдындарындағы оқыс оқиғаларды болдырмау.Сабақ барысында балаларға тұрақты аяз түскенге дейін мұз беті әлсіз болатындығын ескертіп, жұқа мұз үстіне шықпауды , мұз үстінде аса сақтық танытып, қараңғы мезгілде су айдындарына үлкендердің қарауынсыз шығуға болмайтынын айтып, ойнауға арнайы алаңдарды таңдаған дұрыс деп түсіндірді.
Сабақ соңында барлық оқушыларға, сондай-ақ, мұғалімдерге арнайы мұздағы қауіпсіздік туралы жадынамалар таратылды.
Просмотров: 357
Комментарии