Меню KDT

Новости

« Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге ағылшын тілін енгізу бойынша алғашқы қадамдар» атты облыстық семинар

Желтоқсанның 11-і Преснов жалпы орта білім беру мектебінде « Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге ағылшын тілін енгізу бойынша алғашқы қадамдар» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:химия, биология,физика, мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін енгізу бойынша іс- тәжірибе алмасу.
Семинарға қатысқан мұғалімдер: Мағжан Жумабаев,Есіл,Мамлют,Қызылжар және Жамбыл ауданының химия,биология,физика мұғалімдері.
Қатысқан мұғалімдердің саны- 27мұғалім
Мектеп директоры Б.Б. Мусабаев семинарды ашып, қатысушыларды көптілділік аясында атқарылып жатқан жұмыстың жоспарымен, мақсатымен, күтілетін нәтижесімен таныстырып өтті.
Физика пәнінен 10«А» сыныпта мұғалімі Касен Ж.Б., химия пәнінен 8сыныпта мұғалімі Жанмуханова Г.К, биология пәнінен 9 сыныпта мұғалімі А.К. Макжанова, «CLIL» әдісі бойынша ашық сабақтар өткізді. Благовещенка ЖОББМ және Баян ЖОББМ мұғалімдері Ипова А.О және Умутбаева Н.М «CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту әдістемесін тиімді пайдалану» атты шеберлік сынып өткізді.
Преснов ЖОББМ химия пәні мұғалімі Жанмуханова Г.К «The influence of verbal feedback on learning» тақырыбында ұстаздарға кері байланыс ұйымдастырды. Яғни, CLIL әдісінің негізі мен міндеттері, мұғалім тұрғысынан қарағандағы маңызы талқыланды. Пәндерді кіріктіріп оқытудағы CLIL әдісінің тиімді жақтары сөз етілді. Нәтижесінде семинар қатысушылары: кіріктіре оқытуда білім алушылардың кең ауқымды дағдыларын дамыту жолдары туралы түсінікке ие болды; CLIL әдістемесін енгізуде топтық, жұптық жұмыс формалары арқылы ұйымдастыру жолдарымен танысты, пікір алмасты. Өткізілген рефлексия семинардың осы бағыт бойынша қажеттілігін және тиімділігін көрсетті.
Семинарға облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.К. Есемсеитова және Жамбыл ауданының білім бөлімінің әдістемелік жетекшісі Акимжанова К.С қатысты.


Просмотров: 282

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мектеп формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақорда

ҚР Білім Министрлігінің сайты

"Преснов ЖОББМ" КММ директоры Мусабаев Бауыржан Балтабаевич

 

Баланың мектепке дайындығын қай критерий бойынша анықтауға болады?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда26
  • Осы аптада2
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0


Пайдалы сілтемелер