жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2020 жылының 9 қаңтарында Петропавл қаласының оқушылар сарайында
жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Мектебімізден 3 оқушы қатысып білімдерін таразылаған болатын. Нәтижесінде орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Наушарипова Камила I орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.Олимпиада талаптарына аса ұқыптылықпен дайындалатын оқушымыз былтырғы оқу жылында да математика пәні бойынша III орынды иеленген болатын . Камила қызымызға республикалық кезеңде жеңіс пен сәттілік тілейміз және айтулы жеңіске жетелеген орыс тілі пәнінің мұғалімі Алкенова Орынтай Токашевнаға алғыс білдіреміз.
👏👏👏🎉🎉🎉
Просмотров: 387
Комментарии