Меню KDT

Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысына талдау және жаңа оқу жылының негізгі мақсаттары мен міндеттері.

 

Әдістемелік кеңестің жұмыс тақырыбы:

«Оқытудың инновациялық түрлері, құралдары мен әдістері арқылы білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру жолдары».

Әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың өз пәнін оқытудағы біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, шығармашылықтарын көтеру, оқу мен тәрбиеде жоғары нәтижелерге жету

Міндеттері:

1.Білім беру технологияларды ендіру негізінде, оқу жоспары мен бағдарлама мазмұнына сәйкес сабақтардың өткізу сапасын көтеру

2.Жас мұғалімдердің кәсіби шыңдалуы

3.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін тарату

4.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру үрдісінде белсенді әдіс-тәсілдерді және критериалды бағалау жүйесін енгізуін жалғастыру

7. Үш тілділікті дамыту бағытында химия,физика,биология,информатика сабақтарында ағылшын тілінің элементтерін енгізу

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгеру,жүзеге асыру.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.
Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1.Нургожина М.А. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2.Жанмуханова Г.К- директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,кеңестің төрағасы
3. Жакупова А.О –қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі,гуманитарлық пәндері бірлестігінің жетекшісі,
4. Макжанова А.К .- химия және биология мұғалімі , жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің жетекшісі;
5.Кадырова Н.К.-бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі;
6.Мухаметкалиева З.Б.- дене шыңықтыру мен АӘД, музыка,технология пәндері бірлестігінің жетекшісі;

7.Алкенова О.Т. – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Оқу жылының басында кеңестің жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз,қыркүйек, қараша, желтоқсан, наурыз,мамыр айларында отырысы өтті. Төменгі мәселелер қарастырылды:
- 2018-2019 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру;
- педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерімен таныстыру;
- оқыту және тәрбиелеу нәтижелерін мониторингілеу;
- пән апталығының қорытындысы;
- жаңартылған білім беру бойынша өзекті мәселелерді қарау;
- критериалды бағалау бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы;
- жас мамандарға көмек беру жайлы;
- ОЖСБ,ҰБТ-ға дайындық

-дарынды балалармен жұмыс

  • әдістемелік жұмысы- жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері басшылыққа алынды.

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 5, кезектен тыс 1 әдістемелік кеңес және ӘБ отырыстары болып өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа технология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, аудандық,облыстық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату, білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алмасулар жүргізілді. Аудандық семинар өтті.

 

Мектеп бойынша мұғалім саны –43. Жоғары санатты-10 . Бірінші санатты- 7 Екінші санатты – 10.Санаты жоқ- 10. Педагог- зерттеуші -5 ;педагог-модератор -1 . Жоғары білімді-38.Орта арнаулы білімді-.5.

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынды. І-жарты жылдықта қыркүйек айында гуманитарлық пәндер және қарашада бастауыш сынып апталығы өтті. ІІ –жартыжылдықта жаратылыстану-математика,тарих және 3тілді жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілі апталықтар жоғары деңгейде өтті.

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру,олардың теориялық білімі мен әдістемелік білімін үздіксіз жетілдіру,оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып,шығармашылық жұмыстарға жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру-нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін көшбасшы мұғалім Жанмуханова Г.К мектептің даму жоспарын жасап жыл бойы коучинг,тренинг және шеберлік сыныптар жүргізілді.

3деңгейлі курстан өткен мұғалімдер: Ильясова И.И, Шаукеров Е.Н.,Сарина Э.Т., Аткельтиров Б.С, Жакупова А.О. Макжанова А.К өздерінің сабақта тиімді қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

 

 

1-2 деңгейлі коуч-мұғалімдер: Кадырова Н.К,Аткельтирова С.Б, Жанмуханова Г.К.,Абишева А.А, Мустафина А.К., Алкенова О.Т., Едигенов О.Х. мектеп ұжымына ай сайын коучинг сессиялар өткізіп отырды.

 

 

Жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша мектепішілік курс жыл бойы мектеп тренерлерімен жүргізілді.Бұл курсқа қатысқан мұғалімдер, деңгейлік курстан өтпеген: Баекина М, Мухаметкалиева А.О.,Жакупова Б.Е., Айтбаева А.Г, Толаспай Г, Биисова Э.Қ, Жайлаубай А.Ж., Тастанова А.П. Курсты аяқтаған соң осы аталған мұғалімдер кері байланыс жасап, тренер мен коуч мұғалімдеріне өздері шеберлік сынып қөрсетті, алған білімдерін пысықтап,қорытынды жасады.

 

 

 

Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдану мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. Іс-тәжрибесі аз жас педагогтар ұзақ үйретуге бағытталған жеке бақылауды және арнайы қолдауды қажет етеді.

2018 жылдың тамыз – қыркүйек айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалды. Жас мұғалімдер, тәлімгерлер бірге отырып, жұмыс жоспарын құрып, бекітті. Қазан айында тәлімгерлер іс жүзінде, жас мұғалімдерге сабақ жоспарлауға әдістемелік көмек көрсетті. Қараша және қаңтар айларында мектепке жаңадан келген жас мұғалімдермен оқу ісі меңгерушісінің отырысы өтті. Жас маман бастауыш сынып мұғалімі Толоспаева Г. жетекші тәлімгер Сарина Э.Т. бекітілді. Математика мұғалімі Жайлаубай Аңсатқа- Шаукеров Е.Н. және Касен Ж.Б. Нургожина М.А. тәлімгер болып бекітілді. Жыл сайын өткізілетін «Ең үздік жас маман-2019» аудандық байқауына физика пәнінің мұғалімі -Касен Ж.Б қатысып ІІ орын иеленді.

Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бұл үрдісте оқыту сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі – мониторинг,сондықтан биылғы оқу жылында әр бірлестік жетекшілері мониторинг жүргізді. Мысалы ретінде гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің мониторингі (қосымша-1)

2018-2019 жылдың қыркүйегінен бастап, гуманитарлық пәндер бірлестігі жоспар бойынша жұмыс істеді. Бірлестікте 15 мұғалім бар. Пән мұғалімдері өз мәселелері бойынша жұмыс істейді.Тіл- жаңа әлемнің терезесі, достықтың көпірі. ҚР- да 22 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының Тілдер күнін атап өтуі бекер емес. Бұл Қазақстанның барлық халықтарының ортақ мерекесі.Оқушыларды өз ана тілінің қадір қасиетін білік, өз ана тілінің көркемділігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйретуді, тіл әуезділігін, көркемділігін байлығын таныту арқылы оқушы дүниетанымын, өз өрісін дамытуды, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыруды, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыруды мақсат еткен тілдер мерекесі Преснов жалпы орта білім беру мектебінде жыл сайын жоспарға сай өткізіліп келеді. 17-27-і қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тіл менің тірлігім,соғып тұрған жүрегім» атты тілдер онкүндігі өтті.

17 қыркүйекте Тілдер мерекесіне арналған « Мен Абайды оқимын» атты тілдер апталығының ашылу салтанаты болып өтті. 5-11 сынып оқушылар арасында өткен салтанатты жиында қазақ, орыс, ағылшын тіліндерінде өлеңдер оқылып, оқушылар үш тілде флеш моб билеп, өздерінің өнерлерін көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жакупова А.О. тілдер онкүндігінің жоспарын жария етіп, оқушыларға ондағы іс шаралар туралы ақпарат берді. Пән мұғалімдері сыныптан тыс іс шаралар жүргізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ильясова И.И 3-сыныпта « Қызықты ағылшын» тақырыбында сайыс өткізсе, Айтбаева А.Г мен Жолмуханова Г.С « Тіл-тұнық ойдың кәусары» атты орта буын оқушылар арасында байқау ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абишева А.А 6-сыныпта «Әдебиет әлемінде» саяхат сабағын өткізді. Оқушылар үш топқа бөлініп, «Тіл- өнер», «Салт-дәстүрімізді құрметтейік» «Сөз дегенің бір жұмбақ» сияқты кезеңдердер бойынша тапсырмалар орындады. 7-сыныпта Жакупова А.О «Кім жылдам?», орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Алкенова О.Т 9-сыныптармен « Мен елімді жырлаймын» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. 11- сыныптармен ағылшын пәні мұғалімі Айтпаева А.Г «ХХІ ғасыр көшбасшысын» өткізді. 21 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакупова А.О., орыс тілі пәні мұғалімі Алкенова О.Т., ағылшын тілінің мұғалімі Ильясова И.И үш тілде 5- сыныптармен «Күз. Сөз тіркесі» тақырыбымен кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар, «Туған жер- алтын бесік» атты жоғары сынып оқушыларының арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығармалар байқауы өтті. 5- сынып оқушылары аудандық И. Шухов мұражайына экскурсия жасады. Жакупова А.О «Ұлы Дала Елі» атты шағын дәріс ұйымдастырды және 5-6 сыныптар арасында «Білгірлер» сайысын өткізді. Тілдер мерекесі өз дәрежесінде өткізілді.

2018-2019 оқу жылы барысында гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдері оқыту бағдарламасына сай әзірленген жоспар бойынша жұмыс атқарды.Ұстаздар тек оқытумен ғана шектелмей,бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған,инновациялық технологияларды меңгерген тұлға қалыптастыру мақсатында түрлі, озық тәжірибелі байқауларға оқушыларын баулып жүр. «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы аясында елімізде білім берудің ұлттық-педагогикалық моделін қалыптастыруға әр ұстаз өз үлесін қосу туралы айтылған.Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу,жаңаша оқыту тәсілдерін қолдану-өзекті заман талабы болып отыр. Тәлімгерлік тәжірибе алмасу,педагогикалық шеберлікті шыңдау,білімдегі бәсекелестікке қабілетті болуға мүдделі болуымыз қажет.Демек,мақсатымыз-өзгелерді үйрете отыра,өзіміз де үйрену қағидатына сүйену. Осы бағытта мектебіміздің гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің озық тәжірибелерін атап өтер болсақ:

-Мұсабаев Б.Б.-Педагогикалық шеберлік орталығында «Тарих» пәнін оқытудағы озық тәжірибелерімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Курс тыңдаушылары алдында өзінің педагогикалық шеберлігінің қыр-сырын көрсете білді.

-Жакупова А.О.- 2018 жылы «Ұлттық тәрбие-тіршілік тұтқасы» атты этнопедагогикалық тәлім-тәрбие беру бағытында әзірленген авторлық бағдарлама әзірлеп,Астана қаласында республикалық деңгейде қорғап, іс-тәжірибе таратқаны үшін, Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасын иеленіп, «Үздік автор» төсбелгісімен марапатталды. Әдістемелік құрал баспадан 500 дана шығарылып, республика көлемінде таратылды. 2019 жылы Түркістан қаласында өткен, Республикалық 1-педагогтер сьезіне делегат ретінде қатысып, «Баба өсиеті-ұрпаққа аманат» атты Қожаберген шығармашылығына арналған ғылыми баяндама жасап, «Қожабергентану» авторлық курс бағдарламасының тұсаукесерін өткізді. Бағдарламаға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитеті,Мемлекет Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы,профессор -Бүркіт Аяған рецензия жазды.

Ағымдағы жылы құрал «Білім.КZ» баспасында жарыққа шығады. 2019 жылы Шымкент қаласында өткен, Республикалық «Жас дарын-Ұлы Дала иесі» атты ғылыми жобалар байқауына СҚО атынан, сарапшы ретінде қатысып,республиканың дарынды оқушыларын бағалау құрметіне ие болды. Осы байқауда оқушысы- Танатова М. үздіктер қатарынан көрініп, 1-дәрежелі Диплом иеленді және келесі кезең- ТМД елдері- Ресей,Өзбекстан,Тәжікстан елдерінде өтетін шығармашылық,тәжірибе алмасу турына жолдама алды. Жакупова А.О. және Жолмуханова Г.С. облыстық ақпараттық технологиялық қолдау көрсету орталығының ұйымдастыруымен сәуір айында өткен аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының іріктеу кезеңінен өтіп,облыста да 2 дәрежелі дипломмен марамаппалды. Ұсынылған жұмыстар бірнеше бөлімдерге топтастырылған: дидактикалық тапсырмалар мен ойын-жаттығулар, сөздіктер (4-9 сыныптар),оқушы кітабы, қызықты грамматикалық тапсырмалар және курс бағдарламасы.

Гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің жетістіктері:

Абишева А.А. -қазақ тілі мұғалімі, Республикалық Педагогикалық оқулар «Туған жерім-қазынам» Диплом 2018ж. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат 2019ж.

Жолмуханова Г.С.- ағылшын пәні мұғалімі, «Ең үздік» авторлық бағдарлама байқауына қатысып аудандық кезең,1-орын,обл -2орын иеленді.

Жакупова А.О-қазақ тілі мұғалімі «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, 1-орын. Республикалық педагогтар сьезінің делегеты, төсбелгі,Диплом. 1-Республикалық үздік ғылыми жобалар байқауының Құрмет Грамотасы,сарапшылар комиссиясы мүшесі.ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы. Облыстық «Үздік педагог -2018» байқауының жеңімпазы. «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы («Білім өркениеті» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы»),Төсбелгі, 1-дәрежелі Диплом. «Білім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы» тақырыбында республикалық деңгейде іс-тәжірибе таратқаны үшін Құрмет грамотасы, Астана қ. Республикалық «Туған жерім-қазынам» атты педагогикалық оқулар, Диплом. Авторлық Бағдарламалар: «Оқу сауаттылығы бойынша жинақ» «Өрлеу» БАҰО СҚО, «Ұлттық тәрбие-тіршілік тұтқасы» Факультативтік курс бағдарламасы. ҚР Білім және Ғылым министрлігі. «Білім.КZ». «Қожабергентану» факультативтік курс бағдарламасы. «Білімді ел-Образованная страна» газетіне мақала- «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді тәжірибеде ықпалдастыру». Мастер-класс «Педагогикалық шеберхана» «Өрлеу» БАҰО СҚО. Семинар-тренинг «Қазақ тілін оқыту негіздері» «Өрлеу» СҚО. Республикалық семинар «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». «Инновациялық педагогикалық тәжірибені облыс көлемінде жинақтап және таратқаны үшін» Сертификат. «Өрлеу» БАҰО СҚО. Республикалық байқауға оқушыларды дайындағаны үшін Мадақтама.2018-19жылдар.

Аткельтирова С.Б.-тарих пәнінің мұғалімі,Облыстық Білім басқармасының Құрмет Грамотасы 2019

Тамаш А. -ағылшын пәні мұғалімі -КИО олимпиадасы, аудандық кезең, 1-орын.Облыстық кезең-3-орын. НИО олимпиадасы-республикадан 2-орын 2019ж.

Камытоякова А.Ж-қазақ тілі мұғалімі, .КИО интернет олимпиадасы сертификат 2018ж.

Аудандық Қожаберген оқулары аясында өткізілген «Дауылпаз баба - Қожаберген»атты шеберлік сыныбына белсенді қатысқаны үшін Сертификат.

« Ауыл арайы » газетінде мақала«Спортқа бастар жол»2019ж

« Ауыл арайы » газетінде мақала«Бақытты отбасы бақытты балалар»2019ж

Курс:Тақырыбы: «Өзін –өзі» тану пәнін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері. «Бөбек »ұлттық ғылыми – практикалық білім беру және сауықтыру орталығы.Алматы қаласы 2019ж.

Макжанова Г.А-Орыс тілі мұғалімі 2018г.- Публикация урока в методическом пособии «Білім айнасы» , Диплом республиканского конкурса «Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2018», публикация урока в республиканском сборнике «Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2018».

 

Оқушылардың жетістіктері:

 

Оқушылардың аты- жөні

Сынып

Байқау-дың түрі

Байқаудың

тақырыбы

Кезеңі,

орны

Мұғалімі

Наушарипова Камила

9

шығарма

«Созвучие поэзии Абая и Пушкина»

Аудан

ІІІ орын

Алкенова О.Т

Бақыт Дилара

6

«Зерде» ғылыми жоба

Қожаберген жырау

Диплом1 –орын,ауданОблыс

3-орын

Абишева А.А

Құдайберген Айшагүл

7

жоба

Салт-дәстүрлер

Диплом

3 орын,аудан

Жакупова А.О

 

Әкін Жеңіс

9

Ғылыми эссе

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары

Диплом

2-орын,аудан

Бағалы сыйлық

Жакупова А.О

Қошаев Әділжан

9

Өлеңдер сайысы

Ата заңым-айбарлы

Республика

2- орын (қашықтық)

Жакупова А.О

Наушарипова Камила

9

Олимпиада

Ағылшын тілі

3- орын (қаш.)

Айтпаева Ә.Ғ

Таңатова Медегүл

9

Олимпиада

Қазақ тілі

Аудан

3-орын

Диплом

Қамытоякова Ә.Ж

Ержан Жангүл

10

Эссе

Олимпиада

Қазақ тілі

Аудан,1-орын

3-орын

Абишева А.А.

Темирова Жамиля

11

Олимпиада

Қазақ тілі

Аудан

3-орын

Абишева А.А

Аманжолова Айгерім

11

Олимпиада

Ағылшын т.

Лингвист

Республика

2-орын

Томаш А.

Қожанова Алина

6

Олимпиада

Ағылшын т.

Лингвист

Республика

3-орын

Жолмуханова Г.С.

Танатова Медегүл

9

Ғылыми жоба

Дарынды жас

Республика

1-орын.Диплом

Жакупова А.О.

Ақтан Гүлдана

7

Абай оқулары

Көңілім әнді ұғады

Аудан, 3-орын

Жакупова А.О.

Маткаримова Райхан

8

Мағжан оқулары,

Қожаберген

оқулары

Ақындық

шеберлік

 

 

Аудан,2-орын

 

Аудан, 2-орын

Абишева А.А.

Куркенова Жанель

5

Абай оқулары

Ақындық шеберлік

Аудан,3-орын

Абишева А.А.

 

Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің мақсаты: «Білім сапасын арттыру, оқушылардың алған білімдерін өздігінен қолдана білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінде барлығы -8 мұғалім . Мұғалімдердің білімдеріне қарай сапалық құрамында:жоғары білімді - 8 мұғалім. Мұғалімдердің санатына қарай сапалық құрамы: жоғары санатты – 4, І-санатты – 1, ІІ-санатты – 1, санатсыз – 1. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік біліктілігіне қарай сапалық құрамы: педагог-зерттеуші -1. Мұғалімдердің деңгейлік курстарына қарай сапалық құрамы: деңгейлік курстан өткендер – 6, соның ішінде бірінші деңгей -2, үшінші деңгей – 4. Жас маман – 2.

Әдістемелік бірлестіктің 2018-2019 оқу жылының бірінші отырысы 24 тамыз өтті. Жоспар бойынша ӘБ жетекшісі 2017-2018 оқу жылының есебіне тоқталып, жаңа 2018-2019 оқу жылының болжалды жоспарын қайта қарастырып, бірлестік мүшелерімен құрды. Осы мәселеден кейін жаңа оқу жылына арналған пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық, факультатив, үйірме жоспарлары қаралды. 2018-2019 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен танысып, әрбір өзекті мәселелерге талдау жасалды. Мектепішілік бірыңғай орфографиялық ережелерді /құжаттар:дәптерлер,күнделік толтыру/ мектепке жаңа келген мұғалімдермен бірге қарастырып түсіндірілді. Жаңадан бірлестік жетекшісі сайланды.

Бірлестіктің 2-і отырысы 5қараша өтіп, пән мұғалімдері пәндері бойынша есеп берілді. Жаңартылған бағдарлама бойынша берілетін 5,6,7,8 сынып оқушыларының білім деңгейлері бойынша білім сапасының қорытындысы мен туған қиындықтары жөнінде айтылып кетті. «Ақбота» интеллектуалдық марафонға қатысып пән бойынша жүлдері орындар алды. Математика пәнінен 9 сынып оқушысы Наушарипова Камила, Қалиаскер Еламан. Жаратылыстану пәнінен Ботанов Наурызбай, Сайран Ерасыл, 8 сынып оқушылары Адырбаева Аяужан және Қайырбек Аружан ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Шаукеров Е. Н, Макжанова А. К, Нургожина М. А.

Бірлестіктің 3 отырысы 3 қаңтар 2019 жыл. ІІ тоқсанның қорытындысын пән мұғалімдері І тоқсанмен салыстыра отыра айтып кетті. І тоқсанға қарағанда ІІ тоқсанда білім сапасы 10 пайызға артқан.

  • 11 сынып оқушылар Қайыр Т мен Аспандиярова Е жетекшісі Қасен Ж.Б. және Сансызбаева Дана 11 сынып оқушысы жетекшісі Едигенов О.Х. жүлделі орын алып облысқа жолдама алды. Облыстық ғылыми жобадан Әскер Ә. ІІ орын алып дипломмен марапатталды. Султангазиева А.11 сынып оқушысы «Твой шаг к открытию» атты жобадан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Желтоқсан айында жаратылыстану-математика пәндер арасында мектепішілік олимпиада өткізілді. Мектепішілік олимпиададан жүлделі орын алған оқушылар: Химия -Әкін Т.

Физика – Қамытаякова А, Биология- Сулейменова А, Математика-Қантай Ж, Наушарипова К-математика пәнінен.

Аудандық олимпиаданың нәтижесі бойынша: Химия -Әкін Т ІІ орын,

Физика – Қамытаякова А.ІІ орын, биология- Сулейменова А.Іорын, Математика-Қантай Ж., Наушарипова К. ІІ орынга иеленіп грамотамен марапатталды.

Сулейменова А биорлогия;Наушарипова К матнматика ;Совет Алина тарихтан облыстық олимпиадаға қатысып , Наушарипова К. математика пәні бойынша ІІІ орын иеленіп грамотамен марапатталды.

Желтоқсан айында «Ақбота» интеллектуалдық марафонға қатысып жүлделі орын алған оқушылар: 6 оқушы қатысып, оның ішінде Сайран Е. ІІ, Қалиаскер Е., Наушарипова К. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 7 сынып оқушылар Қайырбек А.және Журумбаева А. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.7 сынып оқушысы Шакирова С. «Пони» халықаралық олимпиадаға қатысып «Жүлдегер» орына иеленді. Жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Қасен Ж.Б.

  • жетістіктері: қазан және қараша айында КИО қашықтықтық олимпиадаға математика, физика, география, химия, биология пәнінің мұғалімдері Жанмуханова Г.К. аудан бойыннша ІІІ орын дипломмен марапатталды. Жайлаубай А.Ж. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Нургожина М.А. Едигенов О.Х. Макжанова А.К, Қасен Ж.Б. КИО сертификатпен марапатталды.

География пәнінің мұғалімі Едигенов О.Х. әдістемелік құралы басылымға шықты. Математика пәнінің мұғалімі Шаукеров Е.Н. деңгейлік өткен мұғалімдерге шеберлік сыныбын өткізіп өз тәжірибесімен бөлісті.Бірлестіктің 4 отырысы 26 наурыз 2019ж өтті. ІІ жарты жылдық бойынша білім сапасы жөнінде есеп берілді.21-25.01.2019ж аралығыда жаратылыстану –математика пәндер бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталықтың тақырыбы: STEM-білім берудің басты трендтерінің бірі.

Мақсаты: жаратылыстану-математикалық пәндерге оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Апталыққа мұғалімдер мен 5-11 сынып оқушылар белсене қатысты.

9 «а» сыныбында физика пәнінен «Электромагниттік толқындар» тақырыбына ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Қасен Ж. Б. жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін және үш тілді енгізе отыра оқушыладың пәнге деген қызығушылығын арттырды.

 

 

«Рухани жанғыру» тақырыбына пәнмен байланыстыра отыра 8-9 сыныптар газет шығарды.

22.01- 6 сынып «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтың теңдеуі» тақырыбына математика пәнінің мұғалімі Шаукеров Е. Н. ашық сабақ өткізді. Сабағында оқушылар өте белсенділік танытты.

Математикалық сайыс- 6-сынып

23.01- «Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдар» 8 сыныптарда Макжанова А.К. ашық сабақ өткізіді. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру тиімді әдіс-тәсілдер және үш тілдік енгізілді. Сабақта оқушылар белсенді жұмыс жасады.

«Әлемді биология арқылы таны» 9- сынып топтық сайыс өтті. Сайыста 9 сынып оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Нәтижесінде «Қырандар» тобы І орын, «Дәрумендер»тобы ІІ орын, «Ұшқындар тобы» ІІІ орын иеленіп грамотамен марапатталды.

10 сыныптарда Жанмуханова Г К. «Химик эрудит» өткізді. Сайысқа белсене қатысып бір оқушы топ жарды.

24.01- 7 сынып Сарамандық жұмыс №3. «Сұйытылған қышқылдармен карбанаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция» тақырыбына Жанмуханова Г. К. химия пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа бағдарлама бойынша және үш тілдік енгізілді. Сабақта тәжірибе жасау жәнет АКТ-мен жұмыс жасалып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, белсене жұмыс жасады.

11 сыныптарда математика пәнінен «Логарифм» тақырыбына Нургожина М. А. ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар ролге бөлу арқылы топқа бөліп өткізіді. Сабақта ҰБТ-ға байланысты есептер шығарылып, оқушылар белсенді жұмыс жасады. 11 сыныптар аралығында «Көшбасшы» өтті. Бағдарламаға сай тапсырмалар, логикалық тапсырмалар және жұмбақтар болды. 11 сынып оқушысы Сансызбаева Д. топты жарып шықты және грамота мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Тұнғыш президент Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдауды жүктеген болатын. Сондықтан осы бағдарламаны орындау мақсатымен жыл сайын робототехника сайысы өткізіледі. Информатика мұғалімі Аткельтиров Б.С жыл сайын оқушыларды дайындап,осы байқауға қатыстырады. Биылғы оқу жылында Робототехника аудандық байқау бойынша ІІІ орын Қалиаскер Е., облыстық Робототехника Казроботикс 2019 –ІІІ орын Қалиаскер Е. иеленді. Аткельтиров Б.С

Бірлестіктің 5 отырысы 27.05.2019ж өтті. Жылдық жұмысқа сараптам жасалды. 4 тоқсанның қорытындысы жасалып өтті әрбір пән мұғалімдері пән бойынша жылдық есеп берді.

Биылғы оқу жылынан бастап біздің мектепте де үш тілде білім беру жүйесін жүзеге асыру аясында химия, биология, физика пәндеріне ағылшын тілін ішінара енгізуді бастадық

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жоспар құрылып, біртіндеп жұмыстар жүргізілді.

7 сыныпта химия пәні , аптасына 1сағат, және вариативті компоненттен 1 сағат . Сабақ беретін мұғалім –Жанмуханова Г.К, 8сыныпта –биология ,аптасына 2 рет, Макжанова А.К, 9 сыныпта -физика Касен Ж.Б. Аталған мұғалімдер ағылшын тілін меңгеру курсын бітірген -9-10 оқып, «content and language integrated learning» атты сертификатталған . технология CLIL (предметно-языковое интегрированное обучение),тілдік-пәндік кіріктіріп оқыту.

 

 

Жыл бойы ағылшын тілін тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс іс-шараларда да енгізілді.

Сәуірдің 08.04-15.04 аралығында «The Kingdom of three languages» апталық өткізілді. (химия, биология, физика, ағылшын тілі мұғалімдері)

Апталықтың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.Апталықтың бірінші күні дәлізде апталық бұрышы ұйымдастырылды.

 

 

08.04.2019 күні линейкада апталықтың ашылуы болды, оқушылар жоспармен танысты. 3,5 сынып оқушылары «Turnip» ертегінен қойылым көрсетті.

 

 

Ағылшын тілі мұғалімдері Жолмуханова Г.С,Айтбаева А.Г мектеп мұғалімдерімен speaking club «Fast to Fast» атты іс –шара ұйымдастырды.

 

Осы апталықтың ішінде «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семианар өтті.Семинардың мақсаты-химия,биология,физика,информатика мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін енгізу бойынша іс- тәжірибе алмасу, педагог қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру.

Семинарда биологиядан «Споралылардың тіршілік циклі» атты және физика пәнінен ашық сабақтар өткізілді. Сабақ берген мұғалімдер: Макжанова А.К,Касен Ж.Б.

 

 

Химия пәнінің мұғалімі Жанмуханова Г.К. «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семинарға қатысқан мұғалімдермен коучинг өткізді.

 

Мұндағы мақсат: мектеп мұғалімдерімен тәжирібе алмасу, пән мен тілді кіріктіріп оқытуға байланысты негізделген әдіспен таныстыру, балалармен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оларға мақсатты тіл және тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) қолданылуы туралы мәселелер талқыланды.

Сабақтардан кейін мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарға шағын концерт тарту етті.

 

 

 

Семинардың соңында кері байланыс жүргізілді. Мұғалімдер CLIL әдісі туралы жақсы мағлұмат алғандарын және оқып-түйгендерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын айтып, білім мен ғылым саласы үшін үштілді білім берудің маңыздылығын, пәндік және тілдік оқытуды бағалау процесінде CLIL әдісі бойынша сабақты жоспарлауда өз білімдерін жетілдіргенін атап өтті. Болашақта осы әдіске мақсатталған біліктілікті арттыру курстары мен семинар-тренингтер өткізілсе деген ұсыныстарын білдірді, семинардың пайдалылығы мен тиімділігін атап өтті.

 

 

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі

Бірлестік тақырыбы: «Оқу бағдарламасына сәйкес оқушы мен мұғалімнің біріккен қызметі арқылы, сабақты жаңа технологияны қолдана отырып нәтижелі ұйымдастыру»

Бастауыш сынып бірлестігінде барлығы 10 мұғалім . Мұғалімдердің білімдеріне қарай сапалық құрамы: магистратура – 1 мұғалім, жоғары білімді - 5 мұғалім, орта арнаулы – 4 мұғалім. Мұғалімдердің санатына қарай сапалық құрамы: жоғары санатты – 2, І-санатты – 2, ІІ-санатты – жоқ, санатсыз – 6. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік біліктілігіне қарай сапалық құрамы: педагог-зерттеуші -2. Мұғалімдердің деңгейлік курстарына қарай сапалық құрамы: деңгейлік курстан өткендер – 4, соның ішінде екінші деңгей – 2, үшінші деңгей – 2. Жас маман – 1.

Әдістемелік бірлестіктің 2018-2019 оқу жылының бірінші отырысы 22 тамыз өтті. Жоспар бойынша ӘБ жетекшісі 2017-2018 оқу жылының есебіне тоқталып, жаңа 2018-2019 оқу жылының болжалды жоспарын қайта қарастырып, бірлестік мүшелерімен құрды. Осы мәселеден кейін бастауыш сынып мұғалім-дерінің, мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілерінің, пән мұғалімдерінің және мектеп дефектолог-логопедінің күнтізбелік-тақырыптық, факультатив, үйірме және АЕК оқушыларға арналған оқу жоспарлары қаралды. 2018-2019 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен танысып, әрбір өзекті мәселелерге талдау жасап кеттік. Мектепішілік бірыңғай орфографиялық ережелерді /құжаттар:дәптерлер,күнделік толтыру/ мектепке жаңа келген мұғалімдермен бірге қарастырып түсіндірілді.

Бірінші тоқсан соңында 1-сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуін мектеп психологы мен сынып жетекшілері анықтап, педконсилиум өткізді.

3-4 сыныптар аралығында жылда өтетінреспубликалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында Қанат Расул, Меден Айкүміс, Жумаш Ауқат, Сансызбаева Жанна, Ермагамбетова Сабина, Утегенова Самира – 3 орын алғаны үшін марапатталды.

Бірлестіктің екінші отырысы 3 қараша өтіп, бастауыш сынып мұғалімдері сабақ беру үдерісін жақсарту мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданулары туралы есеп берді. Одан кейін тәлімгерлердің есебі тыңдалды. І-тоқсан үлгерімі, тжб, бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралап, үлгерімі төмен оқушылармен қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы бастауыш сыныптарға сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер айтып кетті. Жоспар бойынша мектепалды даярлық топтары тәрбиеленушілерінің мектеп өміріндегі өзгерістерді айқындап отыру үшін тәрбиешілер диагностика жасады.

«Зерде» зерттеу жұмысына оқушыларды дайындап, мектепішілік кезеңін қараша айында өткізіп, бірінші орын алған оқушыларды аудандық кезеңіне ұсынылды.

Аудандық кезеңнен кейін 2 «Ә» сынып оқушысы Сәрсен Мөлдір мен 3 «А» сынып оқушысы Камытояков Альфараби облыстық кезеңіне қатысып, сертификаттарға ие болды. «Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқышы - 2019» фестивалінің қатысушысын дайындаған үшін Н.К.Кадырова мен А.К.Мустафинаға мадақтама берілді, ал оқушыларға сертификат табысталды.

Қараша айында педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеуінен өтіп, А.К.Мустафинаға педагог-зерттеуші санаты берілді.

26 қараша – 3 желтоқсан аралығынды бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталыққа арналған салтанатты жиынды әдістеме бірлестік жетекшісі Н.К.Кадырова ашып, жоспарланған жұмыстармен таныстырды. «Ойнайық та, ойлайық» қабырға газеті шығарылды. Оқушылардың шығармашылығымен «Балалар әрқашан бақытты болсын» сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Ойлан, тап» интеллектуалдық сайысты 2-сынып жетекшілері Н.К.Кадырова мен А.К.Мустафина, «Топтық жұмысты ұтымды және тиімді пайдалану» тренингісін 3 «А,Ә» сыныптар арасында Э.Т.Сарина мен Г.М.Толоспай, «Ойнайық та, ойлайық» интеллектуалдық сайысын 1 «А,Ә» сыныптар арасында Р.Т.Казинурова мен М.Д.Молдабекова, «Тапқыр достар» интеллектуалдық сайысын 4 «А,Ә» сынып оқушылары арасында Э.К.Биисова мен А.П.Тастанова өткізді. «Есепті теңдеу құру арқылы шығару» атты математика пәнінен 4 «А» сыныпта Э.К.Биисова , «Өткенді қайталау. Өздік жұмыс» атты математика пәнінен 4 «Ә» сыныпта А.П. Тастанова, «Қартқожаның туған жері» атты әдебиеттік оқу пәнінен 2 «Ә» сыныпта А.К.Мустафина, «Түбір мен қосымша» атты қазақ тілі пәнінен 3 «А» сыныпта Э.Т.Сарина, «Сұраулы сөйлем» атты қазақ тілі пәнінен 2 «А» сыныпта Н.К.Кадырова ашық сабақтарын өткізді. Апталық соңында әдістеме бірлестігінің отырысы өтіп, өткізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар талданып, ұсыныстар мен тілектер айтылды.

Мұғалімдер сабақтан бос уақыттарында өзара сабаққа, іс-шараларға, семинарларға, коучингтерге қатысты. Әсіресе, деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер (Баекина М., Мухаметкалиева А.О., Биисова Э.К., Толоспай Г.М., Молдабекова М.) әр ай сайын өтетін мектепішілік тренинг, коучинг және шеберлік сабақтарға қатысып жүрді. Бірінші жартыжылдықта 3 бастауыш сынып мұғалімі кәсіби біліктілігін арттыру курстарына барды. Н.К.Кадырова ПШО әзірлеген «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. Р.Т.Казинурова аудан орталығында ұйымдастырылған «Білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибесін тиімді жинақтау технологиясы» атты 3-күндік курсын оқып шықты.

Бірінші жартыжылдық соңында 1-4 сынып оқушылары мен даярлық топ тәрбиеленушілердің саны 150 болды. Білім және үлгерім сапасы 2 «А» сыныпта – үлгерім сапасы – 100, білім сапасы - 68,42%, 2 «Ә» сыныпта – үлгерім сапасы – 100, білім сапасы – 55, 3 «А» сыныпта– үлгерім сапасы - 92,86, білім сапасы - 50 (Мухаметкалиев Ерназ орыс тілінен үлгермейді), 3 «Ә» сыныпта үлгерім сапасы – 100, білім сапасы – 55, 4 «А» сыныпта үлгерім сапасы–100, білім сапасы - 46,67, 4 «Ә» сыныпта үлгерім сапасы – 100, білім сапасы – 57,14.

Үшінші бірлестік отырыс 8 қаңтар өтті. І-жартыжылдыққа жұмыстарына сараптама жасалды. Осыдан кейін бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың үлгерімі бойынша І-жартыжылдық қорытындысына (бақылау жұмыстары, үлгерім) және оқушылардың білім сапасын арттыруда жүргізілген жұмыстарға есеп берді. ІІ- жартыжылдыққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын қаралды.

Даярлық топ тәрбиеленушілерінің үлгерімі бойынша тәрбиешілер мен психологтың есебі тыңдалды да бастауыш сыныпқа келгенде туындайтын мәселелер талқыланды, тәрбиешілерге ұсыныстар жасалды. Биылғы оқу жылында бірлестікке жас мамандар келгендіктен тәлімгерлік жұмыс жүргізілді. Р.Т.Казинурова мен Э.Т.Сарина тәлім алушылармен жүргізілген жұмыстары туралы есеп берді.

Қаңтар айында мектепішілік 2-3 сыныптар аралығында өтетін пән олимпиадасының тапсырмаларын бірлесіп дайындадық. Оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықты дамыту мақсатында олимпиада тапсырмалары жаңа форматта дайындалды. Наурыз айында өткізілді. І орын алған оқушылар ( 3 сыныптан Ермағамбетова С., 4 сыныптан Мукушева К.) аудандық кезеңге ұсынылды.

1-3 сынып оқушыларын «Инновациялық білім» атты қашықтық орыс тілі мен қазақ тілі пәндерінен олимпиадаға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды. Интеллектуалдық «ПОНИ» байқауына оқушыларды қатыстырып, жеңімпаз номинациясымен марапатталып, ал мұғалімдерге жеңімпаздарды дайындағаны үшін диплом табыс етілді.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «ПЕдСтарт» қашықтық олимпиадасына қатысып, Э.Т.Сарина мен А.К.Мустафина ІІІ дәрежелі диплом алды. Н.К.Кадыроваға сертификат табыс етілді.

«Әкешім- бәйтерегім» эстафетасын сәуір айында мектеп мұғалімдерін қатыстырып өткізді.

Сәуір айының 15-22 аралығында даярлық тобының мен 1–сыныптар апталығы өтті. Жоспар бойынша 15 сәуір ашылуы болды да, келесі күннен бастап, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтті. А.О.Мухаметкалиева 0 «Ә» тобында сауат ашу пәнінен «Тәтті балдың әлемдігі. Юю дыбысы мен әрпі» ашық сабағын және «Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық эстфетасын өткізді. 0 «А» тобында М.Е.Баекина қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінен «Анаммен бірге тамақ әзірлеймін. Мысалдар шығарамын. Цифрларды бастырып сызамын» ашық сабағын және «Біз- көңілді балалар» атты спорттық эстафетасын өткізді. 1 «А» сыныбында Р.Т.Казинурова сауат ашу пәнінен «Әңгіме оқимыз. Сөйлем», ал М.Д.Молдабекова 1 «Ә» сыныбында «Ұлттық тағамдар. Әліпби» атты ашық сабақтарын өткізді. Апталықтың соңында өткізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар талданып, жауапты мұғалімдерге ұсыныстар мен тілектер айтылып кетті. Дүйсенбі сайын өтетін жиында апталықтағы спорттық эстафетаға қатысқан тәрбиеленушілерді марапатталды.

Оқу жылының соңында бастауыш сатыны аяқтап жатқан 4 сынып оқушылары орта буынға көшуге дайындығын анықтап, сынып жетекшілері, мектеп психологы, әлеуметтік ұстаз, оқу ісін меңгерушісі, бірлестік жетекшісі және 4 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері қатысып, педагогикалық консилиум өткізілді.

Сәуір айнда өткізілген «Үздік ұстаз» байқауының аудандық кезеңінде Р.Т.Казинурова ІІІ дәрежелі дипломды иеленсе, Э.Т.Саринаға сертификат табыс етілді. Сол уақытта Р.Т.Казинурова «Кері байланыс» шеберлік сыныбын өткізді.

2018-2019 оқу жылына жоспарлаған әдістемелік іс-шаралары, жұмыстары түгел орындалды.

 

Эстетикалық әдістемелік бірлестігі.

Эстетикалық әдістемелік бірлестігінде барлығы -7 мұғалім . Мұғалімдердің білімдеріне қарай сапалық құрамында:жоғары білімді - 6 мұғалім. Мұғалімдердің санатына қарай сапалық құрамы: жоғары санатты – 2, І-санатты – 1, ІІ-санатты – 3, санатсыз – 1. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік біліктілігіне қарай сапалық құрамы: педагог-модератор -1.

Бірлестіктің тақырыбы:сапалы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас ұрпақтың өзін-өзі дамыта алатын рухани құндылықтарын жетілдіру.

  • ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, салауатты, өнерлі, шебер азаматтарды дайындау үшін, білім берудің тиімді, әрі қолайлы озық үлгілерін заманауи түрде үйретіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

2018-2019 оқу жылында пән бірлестігінің 5 отырысы өтті.Отырыстарда мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде, мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жаңа оқу жылына пәндер бойынша жоспары талданып бекітілді.

Бірлестік мұғалімдері басқа пән мұғалімдерінің, тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына, семинарға қатысып, жаңа сабақ үлгілерін, әртүрлі жұмыс формаларын үйреніп, әріптестерінен тәжірибе алмасты. Жыл бойы пән бойынша сыныптан тыс мектепішілік, аудандық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты. Өзіндік іс тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізді.

  • оқуды меңгертуде жаңа технологияларды қолдану дұрыс бағытталды және жүйелі түрде жұмыс жүргізілді. Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс формаларын қазіргі талаптарға сай, пәнді оқытудың арнайы әдістемелері бойынша топпен жұмыстар және жеке жұмыс түрлері орындалып, сабақтар өткізілді. Жалпы, эстетикалық пәндер білім беретін мектепте маңызды рөл атқарады, адамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға, дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктеріне талаптар қойып, үлгерімдерін бағалады.

Оқу жылы барысында баскетболдан, волейболдан, ұзақ қысқа қашықтыққа жүгіру, қысқы және жазғы Президенттік көп сатылы жарыстар, Ұлттық ойындар бойынша жарыстар өткізілді. Осы спорттық іс шаралармен 200 оқушы қамтылды.

Мектеп оқушылары аудандық жарыстарға және әртүрлі деңгейдегі турнирлерге белсенді қатысады.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың бірлескен жұмыс нәтижесінде облыстық волейбол спорттық ойыннан 2 жыл қатарынан I,II орын жүлдегерлері болып отыр.

1-ші жарты жылдықта мектеп оқушылары әртүрлі спорт түрлерінен қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

Күзгі кросс: Аудандық жарыста I орын командалық

Истуллин Ельдар - III орын

Кусайнов Даурен -I орын

Темирова Жамиля - III орын

Сағындық Алина - III орын

Шахмат : Жантурин Даниал – III орын

Волейбол /ұлдар/: Облыстық 11 аудан арасынан I орын

Футбол /ұлдар/: Облыстық 10 аудан арасынан III орын

Кусайнов Даурен

Селемгерей Нұрболат

Абдреш Еламан

Жолдыбай Жолбарыс

Кошаев Адильжан

Шаңғы жарысы: Аудандық жарыстан III-орын /командалық/

Әскер Әрсен II орын

Кенжеболат Әмір I орын

Кенжеболат Али II орын

Қалық Жазира I орын

Марат Арайлым II орын

Сағындық Алина II орын

Үстел тенисі: Аудандық командалық II орын

Марат Сабина

Селемгерей Нұрсұлтан

Абдреш Едаман

Кожин Рамазан

Дене шынықтыру мұғалімі Исахметов А.Б. 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері:

1.Волейбол аудандық жарыс қыздар 1 орын 25.10.2018 жыл 2003-2004 туған

2.Волейбол аудандық жарыс қыздар 1. орын 7.02.2019жыл 2002-2003 туған

3. Кусайнов Даурен волейболдан облыс женімпазы 2019 жыл

4. Кусайнов Даурен мини-футболдан ҚР күміс жүлдегері 2019 жыл

5 Ақтан Тамирлан аудандық асық ату жарысынын женімпазы 2019 жыл

6 Ануар Диас аудандық қол күрес жарысынын женімпазы 2019 жыл

7 Ануар Диас аудандық гір көтеру жарысынын женімпазы 2019 жыл

Спорт түрлері

Аудандық

Обылыстық

Респуб

Дене шынықтыру мұғалімдері

1

Күзгі кросс

I-орын

 

 

Молдабеков Е.Н

2

Шахмат

III-орын

 

 

Касенова А.М

3

Волейбол(ұлдар)

I-орын

II-орын

 

Молдабеков Е.Н

4

Волейбол(қыздар)

II-орын

 

 

Исахметов А.Б

5

Футбол (ұлдар)

I-орын

III-орын

II-орын

Серикбаев Е.А

6

Мен чемпион

II-орын

 

 

Касенова А.М

7

Үстел тенисі

II-орын

 

 

Исахметов А.Б

8

Шаңғы жарысы

III-орын

 

 

Серикбаев Е.А

9

Асық ату

I орын

 

 

Касенова А.М

10

Қол күрес

I-орын

 

 

Исахметов А.Б

 

Технология пәні.

Технологи пәнінің негізгі мақсаты оқушыларды өнерге үйрету ғана емес, өнер туындыларын жасауға және заманауи технологиясына сай шығармашылық деңгейге жетелеу.

Технология, сызу пәні мұғалімі А.Ү. Маканов үнемі мектептің іс –шараларының безендірілуіне белсене араласады. Күз мерекесіне,жаңа жыл мерекесіне қолөнер бұйымдары мен сурет көрмелерін ұйымдастырды.Сонымен қатар ұстаздарға кабинет қабырғаларына

 

Іс-шара түрлері

Аудандық

Обылыстық

Оқушының аты -жөні

1

«Бастапқы – техникалық үлгілеу бойынша» конкурс-практикум

I орын

I орын

Әкін Жеңіс

 

Музыка пәні:

Мақсаты: оқушылардың дарындық қасиеттерінің деңгейін ескере отырып, музыкалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: оқушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және әсерлі орындай білуге баулу, атап айтсақ оқушылардың дүниетанымы,өмірге деген көзқарасы музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде әсерлену сезімі арқылы тәрбиелеу, еліктету.

Музыка мұғалімі Мухаметкалиева З.Б осы жоғарыда айтылған мақсат, міндеттерге 2018-2019 оқу жылында өткізілген «Білім күні» , «Ұстаздар күні» , «Қарттар күні», «Алтын күз» , «Тұңғыш Елбасы» күні, «Тәуелсіздік күні», Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік концерттер дәлел бола алады. Әрқашан көрермен сүйіп тыңдайтын мектебіміздің әншілері Наушарипова К, Кожина Д, аудандық,облыстық әншілер байқауының жеңімпаздары.

 

Іс-шара түрлері

Аудандық

Обылыстық

Оқушының аты -жөні

1

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Көңілім әнді ұғады» номинациясы

II орын

 

Мусабаева Карина

2

«Абай оқулары» «Көңілім әнді ұғады» номинациясы

III-орын

 

Ақтан Гүлдана

3

«Жасасын, Жеңіс!» әскери әндер байқауы

III-орын

 

9 а сынып

 

Жыл бойғы пәндер бойынша білім сапасы мен оқу үлгерімі:

Пәндер

Білім сапасы

Үлгерім

1

Қазақ тілі

95%

100%

2

Қазақ әдебиеті

66,9%

100%

3

Орыс тілі мен әдебиеті

67,3%

100%

4

Ағылшын тілі

64,2%

100%

5

Математика

72%

95%

6

Алгебра

45,8%

100%

7

Геометрия

47%

100%

8

География

82%

100%

9

Химия

73,2%

100%

10

Биология

72%

100%

11

Физика

63,8

100%

12

Информатика

63%

95%

13

Жаратылыстану

84,6%

100%

14

Дүние жүзі тарихы

74,8%

100%

15

Қазақстан тарихы

77,7 %

100%

         

 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру:

Мектеп мұғалімдері жыл сайын арнайы график бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді. Осы оқу жылында келесі курстарға катысып, серификаттарға ие болды: Макжанова Г.А.-орыс тілі мұғалімі, Касенова А. М., дене шынықтыру мұғалімі, Аткельтирова С.Б. –тәрбие жөнінде директордың орынбасары,.Қамытояқова А.Ж ., өзін-өзі тану мұғалімі.

Биылғы жылы санатын көтерген мұғалімдер: педагог –зерттеуші 3;педагог-сарапшы -1;

педагог-модератор-3

 

ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР:

2018 – 2019 оқу жылының жұмысын қорытындылай отырып, 2019 – 2020 оқу жылына келесі ұсыныс жасалады:

  1. ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бойынша ӘБ жұмыстарын жүйелеу.
  2. Оқушылардың білім сапасын және ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық деңгейін

арттыру үшін пән мұғалімдерінің жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қалыптастырып жетілдіруге жағдай жасау.

  1. Әр пән мұғалімін әртүрлі білім деңгейдегі оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ-ға

дайындау; жеке-дара жұмыс жоспарын өндеу.

  1. Ұстаздардың кәсіби шеберліктерін арттыруына бағытталған әдістемелік

бағдарламасын жетілдіру.

  1. Дарынды балалармен жұмыс жасауды сапалы жүргізу.
  2. Инновациялық бағыттағы жұмыстарды жалғастыру.
  3. АКТ-ны пайдалану арқылы бірегей ақпараттық кеңістік құру.
  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әр тоқсан сайын мектепішілік олимпиадалар жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мектеп формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақорда

ҚР Білім Министрлігінің сайты

"Преснов ЖОББМ" КММ директоры Мусабаев Бауыржан Балтабаевич

 

Статистика

  • On month26
  • On week2
  • Yesterday0
  • Today0
  • Online:0


Пайдалы сілтемелер